Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Кейбіреулер "Ресей Қазақстанды құтқарып қалды" деп жалған сөйлеуде

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Скриншот: "Россия 24"

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Россия 24" телеарнасына сұхбат беріп, Қазақстан "қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚШҰ әскерін жіберген Ресейге қызмет етуі керек" деп санайтындарға жауап берді.

Тоқаевтың айтуынша, кейбіреулер осы оқиғаға қатысты орынсыз пікір айтқан.

"Мен Мәскеуде сөйлеген сөзімде ҰҚШҰ 30 жыл ішінде Қазақстанға саны шектеулі құрамды жіберіп, өзін қалай да көрсеткенін айтып өткен едім. Бұл ретте Ресей емес, ҰҚШҰ екенін қадап айтамын.

Қазақстан Еуразиялық кеңестен шығуды жоспарлап жүр деген сыбыс жалған. Ал ҰҚШҰ-ға келер болсақ, кейбірі Қазақстанды Ресей құтқарып қалды, енді Қазақстан оған мәңгі қызмет етуі керек дегенді айтып жүр. Бұл да шындыққа жанаспайды. ҰҚШҰ - ұйым. Ал біз сол ұйымның белсенді қатысушысымыз", - деді ол.

Президент аталған жайтты саясиландыруға болмайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974237-toqaev-qazaqstan-ozin-qutqargan-reseidin-ayagyna-zygyluga-tiis-degenderge-zauap-berdi/