jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Ұлытауда Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы басталды

    Ұлттық құрылтай
    Фото: t.me/bort_01

    Жаңадан құрылған Ұлытау облысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысы басталды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Баршаңызға Ұлттық құрылтайдың ашылуы құтты болсын дегім келеді.

    Біз бүгін жалпыұлттық референдумнан кейін алғаш рет бас қосып отырмыз. Ата заңға өзгерістер енгізуге арналған референдум табысты өтті. Азаматтарымыз дауыс беруге белсене қатысты. Отбасымен бірге барып, ел болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетті.

    Шынайы өзгеріске және жан-жақты жаңғыруға деген ұмтылысын білдірді. Келешегіміздің жарқын боларына үміті және сенімі зор екенін байқатты. Еліміз ертеңгі күнге мызғымас бірлікпен қадам басуға дайын екенін анық аңғартты", - деді президент.

    Айта кетейік, 14 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Ұлттық құрылтайды құру туралы жарлыққа қол қойды. Ұлттық құрылтай құрамының тізімі мен құрылтайдың ережелері Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

    Ұлытауда Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.