Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Qurultay деп аталатын арнайы мобильді қосымша әзірлеуді ұсынды

Опубликовано:

телефон
Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында халықтың елді жаңғырту туралы ой-пікірін онлайн режимде айтуына мүмкіндік беретін жаңа мобильді қосымша әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазір – интернет дәуірі. Жастар өзіне қажет мәліметті ғаламтордан алады. Дәстүрлі ақпарат құралдарымен қатар, әлеуметтік желіге баса мән беру қажет. Жаңғырудың маңызын ұрпақ санасына сіңіру үшін жаңа тәсілдерді қолдану керек.

Жалпы, түсіндіру жұмысы кезінде жастарға айрықша назар аударған жөн. Өйткені, бүгінгі реформалардың игілігін ертең солар көреді", - деді президент.

Сондай-ақ мемлекет басшысы цифрлық технологияның мүмкіндігін кеңінен пайдалану қажет екенін, сонда мемлекет пен халықтың қарым-қатынасы барынша тиімді болатынын айтты.

"Мен Qurultay деген арнайы мобильді қосымша әзірлеуді ұсынамын. Сол арқылы халық елді жаңғырту туралы ой-пікірін онлайн режимде айта алады.

Жұрт реформаның нақты пайдасын көруі қажет. Сондай-ақ, оған тікелей қатысуға мүмкіндігі болуы керек. Азаматтар өзекті мәселелер бойынша интерактивті сауалнамаға қатысады. Кез-келген түйткілді шешу жолын ұсынып, елімізді жаңғыртуға өз үлесін қоса алады.

Қайырымдылық істерді үйлестіретін түсінікті әрі тиімді электронды сервисті іске қосуға болады. Мұның бәрі цифрлық демократияны дамытатын технологиялық платформаның негізін қалайды. Дамыған мемлекеттер осыған ұмтылып жатыр. Біз ғаламдық өркениеттің көшінен қалып қоймауымыз қажет. Ұлттық құрылтайдың электронды нұсқасын жасаған жөн. Сонда әрбір азаматымыз ортақ іске атсалысады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974422-prezident-qurultay-dep-atalatyn-arnaiy-mobildi-qosymsa-azirleudi-usyndy/

pixel