Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Жауапкершіліктен жұрдай блогерлер бүгінгі күннің батырына айналды

Опубликовано:

Телефон
Көрнекі фото: pxhere.com

Ұлытау облысында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде депутаттар мен атқарушы билік өкілдері кімдерге аса мән беретінін айтты, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

"Біз "Түрлі көзқарас, біртұтас ұлт" қағидатын берік ұстануымыз қажет. Бір-біріміздің ой-пікірімізді тыңдап, құрметтей білсек, алға қадам басамыз.

Біз демократиялық реформа жасаймыз деп, мемлекетті әлсіретуге еш жол бермеуіміз керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, заң мен тәртіп – ішкі тұрақтылықтың бірден-бір кепілі. Онсыз қоғамның дамуы мүмкін емес. Сондықтан, бұл қағида біздің ең басты бағдарымыз болуға тиіс, дейді мемлекет басшысы.

"Жалпы, отбасын асырау үшін табанды еңбек етіп жүрген, заңға бағынатын адамдар құрметке ие болуы керек.

Өкінішке қарай, бізде көше бұзақылары, жауапкершіліктен жұрдай блогерлер және масылдық пиғылмен айқай шығаратын адамдар бүгінгі күннің батырына айналды.

Депутаттар мен атқарушы билік өкілдері соларға ғана баса мән беретін болды. Түрлі деңгейдегі шенеуніктер солардың ғана талабын орындауға жүгіреді.

Орталықтағы және аймақтардағы билік барлық азаматтың мұң-мұқтажына бірдей қарауға тиіс. "Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің" көмегіне сеніп отырған, заңға бағынатын қарапайым жұрт назардан тыс қалмауы керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974425-toqaev-zauapkersilikten-zurdai-blogerler-bugingi-kunnin-batyryna-ainaldy/

pixel