Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ескі кадрмен Жаңа Қазақстанды қалай құруға болады: Мемлекет басшысы жауап берді

Опубликовано:

Шенеунік11
Көрнекі фото: pexels.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында ескі кадрмен Жаңа Қазақстанды қалай құруға болатынын айтты, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

"Қоғамда қызу талқыланып жатқан тағы бір мәселеге тоқталсам. Бұл – кадр саясаты. Әділетті Қазақстанды құру кадрлардың орнын ауыстыра беру деген сөз емес. Өз ісін жетік білетін кәсіби мамандар, отаншыл азаматтар қашанда бағалы.

Мемлекеттік қызметшілерге қандай да бір кланның мүшесі ретінде қарауға болмайды. Әрине, олардың құрамын жаңартып отырған дұрыс. Бірақ, мұны терең ойланып, байыппен жасау қажет. Кадрларды жаппай жұмыстан шығару жақсылыққа апармайды.

Әлеуметтік желіде "ескі кадрмен Жаңа Қазақстанды қалай құруға болады?" дейтіндер бар. Бұл – орынды сұрақ. Бірақ, негізінен кадрларды біртіндеп ауыстыру керек", - деді мемлекет басшысы.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді қолынан түк келмейді деп кемсітуді доғару керек екенін ескертті.

"Тіпті, оларды "Халық жаулары" сияқты көретіндер де бар. "Шенеунік" деген сөз жағымсыз ұғымға айналып барады. Бұл – дұрыс емес.

Мемлекеттік қызметте адал әрі білікті кадрлар өте көп. Олар Отанымыздың игілігі жолында тынбай еңбек етіп жүр. Бірақ өкінішке қарай, "Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді" деген де бар. Ондай адамдармен біз бірден қоштасып жатырмыз. Болашақта да солай болады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974438-eski-kadrmen-zana-qazaqstandy-qalai-quruga-bolady-memleket-bassysy-zauap-berdi/

pixel