Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ЕЭО елдері әлемдегі жылдам өзгеретін тәртіптен пайда табуы керек екенін айтты

Опубликовано:

Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиында ЕЭО елдері әлемдегі жылдам өзгеретін тәртіптен пайда табуы керек екенін айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Отырыс барысында мемлекет басшысы форум саяси және экономикалық ахуал шиеленісіп тұрған кезде өтіп жатқанын мәлімдеді.

"Пандемияға және геосаяси шиеленістің өршуіне байланысты жаһандық теке-тірестер жаңа жағдайларға алып келді. Жаһанданудың орнына артық-кемі бар аймақтандыру дәуірі келді. Қалай болғанда да, дәстүрлі экономикалық модельдер мен сауда бағыттарының өзгеру үдерісі жеделдей түсті. Әлем жылдам өзгеруде. Өкінішке қарай, көп жағдайда жақсы жағына қарай емес", – деді президент.

Оның пікірінше, жаңа жағдайда әлемдік тәртіптің жылдам өзгеретін құрылымын, "Шығыс-Батыс", "Солтүстік-Оңтүстік" бағыттары бойынша өзара іс-қимылдың орнықты векторларының алмасуын ескеру маңызды.

"Біздің аймақтағы елдер осындай сын-қатерлерге лайықты төтеп беріп қана қоймай, олардан барынша пайда табуға тырысуы керек. Сондықтан Еуразиялық экономикалық одақ аясында Еуразиялық интеграцияны Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" тұжырымдамасымен ұштастыру – маңызды міндет", – деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974644-toqaev-eeo-elderi-alemdegi-zyldam-ozgeretin-tartipten-paida-tabuy-kerek-ekenin-aitty/

pixel