Иран президенті ресми сапармен келген Тоқаевты қалай қарсы алды (фото, видео)
Опубликовано:

Иран Ислам Республикасының президенті "Саадабад" кешенінде Қазақстан президентін ресми қарсы алды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми каналында.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, алдымен құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Иран Ислам Республикасының әнұрандары шырқалған.


Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раиси бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырған.

Еске сала кетейік, бүгін, 19 маусымда мемлекет басшысы президент Ибрахим Раисидің шақыруымен Иран Ислам Республикасына ресми сапармен келді.
Сапар барысында Тегеран қаласында жоғары деңгейде келіссөз жүргізіледі және оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеимен кездесу өткізеді деп күтілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974730-toqaev-iran-prezidentimen-kezdesti-foto-video/