Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Катар экономикалық форумының ашылу рәсіміне қатысты

Опубликовано:

Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Катар әмірі Тамим бен Хамад Әл Тәнидің жеке шақыруымен "Жаһандық экономиканы қалыпқа келтіруде теңдікке қол жеткізу" атты екінші Катар экономикалық форумының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Аталған маңызды іс-шара Bloomberg агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылды және шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнидің қамқорлығымен өткізіліп отыр.

Форум "Мемлекеттердің экономикалық дағдарыстан шығу мәселесі" тақырыбына арналған.

Форум жұмысына мемлекет басшысынан бөлек Того президенті Фор Гнассингбе, Намибия президенті Хаге Гейнгоб, Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвили, сондай-ақ Еуропа, Азия және Африка елдерінің бірқатар министрі мен үкіметтерінің лауазымды тұлғалары қатысады.

Сонымен қатар форум сессияларына Honeywell, Asyad Group, Ислам даму банкі, Tesla, Qatar Airways, The Boeing Company, QatarEnergy, Kuwait Petroleum Corporation, Southwest Holdings, Accor, Marriott International, Tingo, National Petroleum Corporation of Namibia, MeTL Group, Volkswagen, Dorna Sports, International Airlines Group, Infarm, Vitol, Franklin Templeton, Тhyssenkrupp, Roubini Macro Associates, DAMAC Properties, Trip.com  Group, Standard Chartered, Exxon Mobil Corporation, Google Cloud және басқа да халықаралық жетекші корпорациялар мен ұйымдардың басшылары жиналды.

Форумды Катар Әмірі Тамим бен Хамад Әл Тәни ашты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "In Conversation with President Tokayev" атты арнайы панельдік сессияға қатысады деп жоспарланған.

Оны Bloomberg Television жүргізушісі Манус Крэнни жүргізеді.

Катар экономикалық форумының қорытындысы бойынша жаһандық өсімнің келесі кезеңінің жоспары әзірленіп, пандемиядан кейінгі әлемді қалыптастыру үшін нақты шешімдер ұсыну көзделіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1975023-toqaev-katar-ekonomikalyq-forumynyn-asylu-rasimine-qatysty/

pixel