Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда әкімі бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Тоқаевқа есеп берді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алтай Көлгінов
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алтай Көлгінов. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қала басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар Алтай Көлгінов президентке кезекте тұрған азаматтар үшін қолжетімді тұрғын үй құрылысын ұлғайту, жаңа мектептер салу арқылы үш ауысымды оқу проблемасын шешу, автомобиль көпірлері мен жолдар салу, үлестік құрылыс нысандарын аяқтау, газ тарту мәселесі, тұрғын-үй алаптарын дамыту, жеке инвестициялар тарту жөнінде баяндады.

Алтай Көлгінов сорғы-сүзу станциясының (ССС-3) құрылысы туралы да ақпарат берді. Оның сөзінше, Нұр-Сұлтан қаласы қазір тәулігіне 300 мың текше метр су тұтынады, ал ССС-3 іске қосылса тәулігіне 100 мың текше метрден астам қосымша су береді.

Қала әкімінің айтуынша, жылумен жабдықтау қуатын арттыру үшін ЖЭО-3 құрылысы, газ қазандықтарын жобалау жұмысы жүріп жатыр. Газ қазандықтары іске қосылғанда ЖЭО-3 қуаты 3 еседен де асатын болады. Бұл құрылысы жүріп жатқан болашақ аудандарды жылумен қамтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Алтай Көлгінов елордада кәріз тазарту құрылыстарын жобалау (КТҚ-2), инженерлік желілерді жаңғырту, қосалқы электр станцияларын жаңалау жұмыстары да жүріп жатқанын атап өтті.

Одан бөлек Нұр-Сұлатн әкімі президентке қаланы абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. Айтуынша, биыл елордада тағы 200-ден аса аула мен қоғамдық демалыс орындары жаңартылады.

Мемлекет басшысы жалпы әкімдік жүргізіп жатқан жұмыстарды қолдады.

Кездесу соңында президент Алтай Көлгіновке елорданың инфрақұрылымын дамытып, абаттандыру жұмыстарын жалғастыруды, қала тұрғындарының түйткілді мәселелерін шешуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1975230-elorda-akimi-birinsi-zartyzyldyqtyn-qorytyndysy-boiynsa-toqaevqa-esep-berdi/

pixel