Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вице-премьер Ерұлан Жамаубаев қанша жалақы алатынын айтты

Жарияланған күні:

Ерұлан Жамаубаев
Ерұлан Жамаубаев. Фото: primeminister.kz

Қаржы министрі, вице-премьер Ерұлан Жамаубаев үкімет кулуарында жалақысының мөлшерін айтты. Министр 1,5 миллион теңге көлемінде айлық алатынын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистер сауалына жауап беру кезінде Ерұлан Жамаубаев өзінің Қаржы министірінің міндетін ғана емес, вице-премьер қызметін де қоса атқаратынын атап өтті.

"Біріншіден, Қаржы министрлігінен жалақы аламын, содан кейін вице-премьер ретінде қосымша жалақы аламын. Шамамен айлығым - 1,5 миллион теңге. Бұл жалпы айтқанда. Ал министр ретінде 1,3 млн теңге", - дейді ол.

Қаржы министрі журналистерге мемлекеттік қызметшілер жыл сайын табысы туралы декларация тапсыратынын еске салды. Осы ретте ол өз декларациясын жария қылуға дайын екенін мәлімдеді.

"Біз енді ғана жалпыға бірдей декларациялауды жолға қойып жатырмыз, ал 2025 жылға қарай республикамыздың барлық азаматы жыл сайын декларация жасап, тапсыратын деңгейге жетеміз. Сонда барлығы бәріне белгілі болады", - дейді Ерұлан Жамаубаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1975968-vice-premer-erulan-zamaubaev-qansa-zalaqy-alatynyn-aitty/