Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақмыс" мүгедектігі бар және кәсіби дертке шалдыққан жұмысшыларға қалай қолдау көрсетеді

Опубликовано:

Kazakhmys Holding
Фото: Kazakhmys Holding

Жұмысбасты әрі табысты болу, толыққанды өмір сүру мүмкіндігі – дені сау адам үшін қалыпты жағдай болғанымен, мүгедектігі немесе денсаулығында басқа да ақауы бар адамға – үлкен жетістік. Осы санаттағы адамдарды қолдау мақсатында "Қазақмыс" холдингі "Адал еңбек" компаниясын құрды. Онда бүгінде 1000-ға жуық қызметкер жұмыс істейді. Олардың кейбірі жаңа жұмыс орны өмірлерін қалай өзгерткенін айтып берді.

Жезқазған қаласының тұрғыны Дәуіт Байкенжеев – кәсіби дертке шалдыққан 3-ші топтағы мүгедек. Ол Оңтүстік Жезқазған кенішінің 65-ші шахтасында 20 жылға жуық еңбек етті. Маман еңбек жолын электр слесарі ретінде бастап, жарушы мамандығын игереді, кейін инженерлік-техникалық топқа тау-кен шебері қызметіне ауысады. Ол жұмыс қашан да қиын әрі жауапты болғанына қарамастан, қызығы мен шыжығы мол екенін айтады. Денсаулығы сыр беріп, ентігу, жөтел және әлсіздік пайда бола бастамағанда, бәлкім, ол кеншілік жұмысын жалғастыра берер ме еді. Тексеру барысында оның кеншілерге тән кәсіби дертке шалдыққаны анықталды.

"2015 жылы Қарағандыдағы Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ​​ұлттық орталығында маған силикоздың 2-ші сатысы деген диагноз қойылды, кейіннен мүгедектік тағайындалды. Әрине, шахтаға қайтып оралуыма мүлде болмайтыны анық еді. Бірақ жәрдемақыға ғана өмір сүріп, қол қусырып отырғым келмеді. Қуанышыма орай, "Қазақмыс" компаниясының жанынан "Адал Еңбек" ЖШС құрылды, мұнда ұқсас жағдайға тап болған бұрынғы өндіріс қызметкерлерін тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді", - дейді Дәуіт Байкенжеев.
Kazakhmys Holding
Фото: Kazakhmys Holding

Дәуіт Байкенжеев кәсіпорынның шаруашылық-пайдалану учаскесінің ағаш дайындау және өңдеу цехында көмекші жұмысшы болып қызмет етеді.

"Шахтамен салыстырғанда мұнда жұмыс қарапайым, ыңғайлы, ең бастысы жер астындағы жұмыс кезіндегідей күйзеліс жағдайлары болмайды. Мен ол жерде ауысымдағы әрбір кеншінің қауіпсіздігіне жауапты адам ретінде бір сәтке де босаңсыған емеспін. Бүгінде, әрине, жұмысым тыныш, жалақысы да жаман емес. Кей өңірлерде, тіпті денсаулығында кінәрат жоқ адамдардың өзіне мұндай жалақы төленбейді. Оның үстіне "Қазақмыс" біздің емделуге және оңалтуға кететін шығынымызды толығымен өтеп, жылына бір рет еліміздің шипажайлары мен профилакторийлеріне жіберіп отырады", - деп атап өтті азамат.

Балғынбек Тұрмағамбетов те 20 жылдық тәжірибесі бар бұрынғы кенші. "Степной" кен орны № 67 шахта машинасының жүргізушісі болып жұмыс істеген. Жер астында жылдар бойы көлік басқарғанының салдарынан есту қабілеті нашарлап, омыртқасы сыр берді әрі сол баяғы силикозға тап болды. 2017 жылы оған 3-ші топтағы мүгедектік тағайындалып, жұмыссыз қалудың сәл-ақ алдында еді. Бірақ жұмыс беруші оның мәселесіне бей-жай қарамай, Балғынбекке "Адал еңбек" кәсіпорнында бағбан болып жұмыс істеуді ұсынады.

Kazakhmys Holding
Фото: Kazakhmys Holding
"Бұл өз денсаулығын өндіріс үшін сарп еткен жандарға, қызметкерлерге деген қамқорлықтың көрінісі деп ойлаймын. Олар біздің күшімізді, энергиямызды, уақытымызды пайдаланып, бізді мүлдем ұмытып кетуіне болатын еді. Бірақ біздің еңсемізді түсірмеуге тырысып жатыр, біз әлі де қоғамға пайдалымыз және сонымен бірге еңбегіміз жақсы төленеді. Мәселен, мен 230 мыңнан астам жалақы аламын. Менің міндеттеріме ағаштар мен бұталарды суару, арамшөптерді отау, тазалықты сақтау кіреді. Онымен қоса компания бізді толық әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіп отыр", – дейді Балғынбек Тұрмағамбетов.

"Адал Еңбек" ЖШС – кәсіпорындарда өндірістік жарақат алған адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында 2015 жылы "Қазақмыс" компаниясы Жезқазған қаласында құрған ұйым. Мұнда олар жұмыспен қамтамасыз етіліп қана қоймай, еңбек ұжымына бейімделу кезеңінде де қолдауға ие болады.

Kazakhmys Holding
Фото: Kazakhmys Holding

Арнайы кәсіпорын ағаш өңдеу және кесу, Жезқазған мен Сәтбаевтағы аумақты абаттандыру және көгалдандыру, тазалық қызметтері, ішкі инженерлік желілерге қызмет көрсету, техникалық қызмет көрсету сияқты бірнеше қызмет түрін ұсынады. Бұл ретте "Адал еңбек" жұмысшылары, тіпті жасанды ротанг жиһаздарын тоқып, ағаш және сүрек бұйымдарын жасайды. Бұл бағыт былтырдан бері дамып келеді.

"Ең алдымен "Адал Еңбек KZ" ЖШС жұмысшылары атынан Эдуард Огай және Бахтияр Крыкпышев бастаған "Қазақмыс" басшылығына компанияның бұрынғы қызметкерлеріне еңбек ету құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік бергендері үшін алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ ЖШС өндірісте қайтыс болған жұмысшылардың жақын туыстары – жесірлері мен балаларын жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. Ұйым ұстанатын қағида – барлығын барынша көмекпен қамту", - деп түсіндіреді "Адал Еңбек KZ" ЖШС бас директоры Арсен Толысбаев.

Кәсіпорындағы орташа жалақы 250 мың теңгені құрайды. Әрбір жаңа қызметкер - кешегі бұрғылаушы немесе жарғыш - мұнда жаңа дағдыларға үйренеді: бағбандық немесе ағаш өңдеу. Осыдан кейін жаңа қызметке кіріскендер "құжатын" алып, учаскелерге барады. Олардың дені жаңадан аяқ басқан қызметін өмірлік кәсібіне айналдырып жатады.

"Сонымен қатар үстелдер мен орындықтар, есіктер, ойын алаңдарына қажетті құрал-жабдықтар шығарамыз. Бір қуантарлығы, көпшілігі кәсіптік ауруға шалдыққан немесе мүгедектікке шалдыққан соң тұйықталып, төрт қабырғаға қамалып қалмай, еңбек етуге, көпшілікпен араласуға, белгілі бір салаға өз үлесін қосуға ұмтылады. Мәселен "Қазақмыс" компаниясы мен әкімдік арасындағы меморандум аясында біздің қызметкерлер жарықтандырылған, бейнебақылау орнатылған 2 "ақылды аула" салып, жаңа ойын кешендерін тұрғызды. Адамдар риза және алғысын жаудырып жатыр. Бұның өзі біз үшін мақтаныш", - дейді Арсен Толысбеков.
Kazakhmys Holding
Фото: Kazakhmys Holding

Сонымен қатар компания кез келген түрдегі жиһаздарды, үстелдер мен орындықтарды, есіктерді, металл пластикалық бұйымдарды (терезелер, витраждар, контейнерлік бактар мен қоқыс жәшіктері), ойын алаңдарына арналған жабдықтарды шығара алады.

"Бір қуантарлығы, көпшілігі кәсіптік ауруға шалдыққан немесе мүгедектікке шалдыққан соң тұйықталып, төрт қабырғаға қамалып қалмай, еңбек етуге, көпшілікпен араласуға, белгілі бір салаға өз үлесін қосуға ұмтылады. Мәселен екі қала – Жезқазған мен Сәтбаевтың әлеуметтік дамуына бағытталған "Қазақмыс" компаниясы мен жергілікті мемлекеттік орган арасындағы меморандум аясында Серіктестік қызметкерлері "Қаланы көгалдандыру", "Ақылды аула" және "Полиция пункттерін жаңғырту" атты бірнеше жобаны іске қосты. Адамдар риза және алғысын жаудырып жатыр. Бұның өзі біз үшін мақтаныш", - дейді Арсен Толысбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1976439-qazaqmys-mugedektigi-bar-zane-kasibi-dertke-saldyqqan-zumyssylarga-qalai-qoldau-korsetedi/

pixel