Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлан Қошанов Тоқаевқа мәжілістің атқарған жұмыстары туралы баяндады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ерлан Қошанов
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ерлан Қошанов. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайлы Ақорда.

Ерлан Қошанов президентке мәжілістің VII шақырылымының екінші сессиясында атқарылған заң шығару жұмыстары туралы мәлімет берді.

Парламенттің төменгі палатасының спикері қабылданған бірқатар заңның мемлекет басшысы ұсынған реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. 

Ерлан Қошановтың айтуынша, қазіргі уақытта депутаттар халықпен кездесулер өткізіп, жергілікті жерлердегі ахуалмен танысу үшін өңірлерге аттанған. Олар азаматтардың көтерген маңызды деген проблемаларын зерттеп, жүйелейді. Содан кейін үкіметпен бірлесіп бұл мәселелерді шешетін болады.

Мәжіліс төрағасы президентке парламенттің төменгі палатасы жұмысының жаңа форматы, соның ішінде Қоғамдық палата құру жөнінде де айтты.

Бұдан бөлек Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа АMANAT партиясының қоғамдағы әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстары туралы баяндады.

Оның сөзінше, "Жер аманаты" жобасы аясында пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы мақсатындағы заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, одан бөлек партия үкіметпен бірлесіп, "Ауыл аманаты" жобасын жүзеге асыруда.

Бұл жоба аясында ауыл тұрғындары бөлшек сауда желісінің талаптары мен тұтынушылардың сұранысын ескере отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі жаңа құзыреттерді үйренеді. Осы ретте тұрғындар саны 7,7 миллион адам болатын 2400 ауылдық округті қамту жоспарланып отыр.

Сонымен бірге мәжіліс төрағасы мемлекет басшысына 23-24 маусым аралығында Чолпон-Ата қаласында өткен Түркі тілдес мемлекеттердің парламенттік Ассамблеясының XI пленарлық отырысына қатысқан Қазақстан делегациясы жұмысының қорытындысы туралы баяндады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1976828-toqaev-mazilis-toragasy-erlan-qosanovty-qabyldady/