Болат Жәмішев "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінің құрамына кірді

Опубликовано:

Болат Жәмішев
Болат Жәмішев. Фото: "Самұрық Қазынаның" ресми сайты

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев директорлар кеңесінің мүшесі, қордың тәуелсіз директоры болып сайланды, деп хабарлайды қор ресми сайтында.

"Қоғамдық кеңес басшысын директорлар кеңесінің құрамына қосу - "Самұрық-Қазына" қорының қызметіне бақылауды күшейту бағдарламасының бір бөлігі", - делінген хабарламада.

"Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының қоғамдық кеңесі өткен жылы желтоқсан айында кандидаттарды ашық конкурспен іріктеу арқылы құрылған.

Оның құрамына он адам кіреді:

  • азаматтық қоғамның жеті өкілі,
  • қордың үш өкілі.

"Кеңес бас қордың, оның портфельдік компанияларының да қызметіне қоғамдық бақылау жүргізеді. Кеңес мүшелерінің жұмысы қоғамдық бастамалар негізінде жүзеге асады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Болат Жәмішев әр жылдары қаржы министрі, өңірлік даму министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, Қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы, Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Ол - экономика ғылымдарының кандидаты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1976987-bolat-zamisev-samuryq-qazyna-direktorlar-kenesinin-quramyna-kirdi/

jitsu gif