Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ержан Біржанов Қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Ержан Біржанов
Ержан Біржанов. Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Ержан Ерікұлы Біржанов Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.

Ержан Біржанов 1979 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Солтүстік Қазақстан заң академиясын, М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетін, Бизнес және халықаралық зерттеулер университетін (Швейцария) бітірген. 

Еңбек жолын 1999 жылы СҚО бойынша Салық комитетінің жергілікті салықтар секторының аға салық инспекторы болып бастады.

1999-2004 жылдары СҚО бойынша Салық комитетінде жұмыс істеді.

2004-2014 жылдары Қаржы министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды.

2014 жылғы наурыз-қараша аралығында Президент әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сарапшысы болды.

2014-2017 жылдары Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Даму және жаңғырту департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2017 жылы "Казимпэкс" республикалық орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2017-2021 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етті.

2021 жылғы наурыздан бастап бүгінге дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1977282-erzan-birzanov-qarzy-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel