Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дастан Секенов Бас әскери прокурор болып тағайындалды

Опубликовано:

Дастан Секенов
Дастан Секенов. Фото: Бас әскери прокуратураның ресми сайты

Мемлекет басшысының келісімімен Бас прокурордың бұйрығымен Секенов Дастан Әбдіқадырұлы Бас әскери прокурор болып тағайындалды, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

Дастан Секенов прокуратура органдарындағы қызметін 1996 жылы Алматы қаласының Ақсай ауданында тағылымдамашы болып бастаған.

2001 жылға дейін Алматы қаласының прокуратурасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2001-2009 жылдар аралығында Бас әскери прокуратурада басшылық лауазымдарды атқарды.

2009 жылы Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры болып тағайындалды.

2014-2018 жылдары Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінде департаменттерді басқарды.

2018 жылы Президент әкімшілігінде жұмыс істеп, 2019 жылы мемлекеттік-құқықтық бөлімнің сектор меңгерушісі болып тағайындалды.

2019-2021 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болды.

2021 жылғы мамыр айынан бастап Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары лауазымын атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1977658-dastan-sekenov-bas-askeri-prokuror-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel