Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайына көңілдері толатынын айтқан.
Сонымен қатар Қазақстан президенті екі мемлекет арасындағы экономикалық, көлік-логистикалық қатынастардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған үкіметтердің өзара жедел іс-қимылына оң баға берген.
Еске сала кетейік, 17 маусымда мемлекет басшысы Петербург халықаралық экономикалық форумына (ПХЭФ) қатысқан болатын.
Форумнан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізіп, Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын жан-жақты талқылаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1978077-toqaev-putinmen-telefon-arqyly-soilesti/