Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Минералдар теңгерімі мен заманауи зауыттар: Бөтелкелерге құйылған A'SU суы қалай шығарылады

Опубликовано:

Работник на заводе
Фото: RG Brands

RG Brands - сусындар шығаратын жетекші компания. Компания өкілдерінің айтуынша, брендтің басты міндеті - инновацияларды дамытып, халықаралық стандарттарды қатаң сақтай отырып, тұтынушыларды тұрақты жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз ету.

"Тамақ өнімдерін өндіруде озық технологияларды әзірлеудегі әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастықтың арқасында біз жыл сайын әлемге әйгілі аудиторлық институттардың сертификаттарымен растай отырып, үздік тәжірибелер мен сапа стандарттарын пайдаланамыз. Өндіруші зауыт өндірісті толық автоматтандыруды қамтамасыз ететін Krones, KHS, Sidel, Van Der Mollen, Berkefeld, Tetra Pak сияқты жоғары білікті жеткізушілердің жаңа буын жабдықтарымен жабдықталған", - дейді компанияда.

2010 жылдан бастап компания бөтелкелерге құйылған A'SU суын шығарады. Судың құрамы мен дәмдік құрамына өндіруші ерекше назар аударады. Үздік әлемдік тәжірибесі бар сарапшылар мен дәм татушылар формуланы, дәмді және сапаны жақсарту бойынша үздіксіз жұмыс істейді. A'SU тау-кен минералдарының бірегей теңгерімімен байытылған және ағза оны толық игереді. Дәмді судың құрамына бірегей дәм мен хош иіс беретін табиғи ингредиенттер кіреді.

Завод
Фото: RG Brands

Компания "Ақсеңгір" орталығында бөтелкелерге құйылған A'SU суын өндіреді, ол Орталық Азиядағы ең озық және заманауи зауыттардың бірі болып табылады. Су өндіру процесі барысында мамандар өнім сапасына тұрақты және мұқият бақылау жүргізеді. Зауытта үш түрлі алты зертхана бар: аналитикалық, кіріс бақылауы және микробиологиялық. Барлығы заманауи жабдықтармен жабдықталған. Әрбір он бес минут сайын зертханашылар әрбір ағынды өндірістік желіден өнім салынған бөтелкені алып, алынған үлгілердің тамақ өнімдері үшін әлемдік регламенттерде қабылданған бірқатар параметрге сәйкестігін зерттейді.

Работник на заводе
Фото: RG Brands

Пэт-бөтелкелерді зауыттың өзі де шығарады. Пайдаланылатын шикізат - экологиялық қауіпсіз, судың дәміне, түсіне, иісіне немесе құрамына әсер етпейді. Барлық бөтелке оған су құйылмас бұрын зарарсыздандырылады. Пластикалық бөтелкелер екінші мәрте қолданылмайды, қайта өңдеуге жіберіледі.

"Күн сайын біз сіздердің жоғары талаптарыңызға сай болу үшін тұтынушыларға арнап өнімдерімізді үнемі жақсартумен жұмыс істейміз", - дейді RG Brands өкілдері.
Завод
Фото: RG Brands

RG Brands компаниясының қағидаттары жоғары корпоративтік жауапкершілікке негізделеді. Компанияның басым міндеттерінің бірі тұтынушымен қарым-қатынас жасау болып табылады, себебі тұтынушыға және оның әл-ауқатына қамқорлық жасау - компанияның өсіп-өркендеуінің негізі. RG Brands кері байланысқа әрдайым ашық екенін алға тартып отыр. Барлық сұрақтар бойынша 3775 жедел желі нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1978405-mineraldar-tengerimi-men-zamanaui-zauyttar-botelkelerge-quiylgan-asu-suy-qalai-sygarylady/

pixel