Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Кемелұлы: Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға арналған кешенді жоспар қажет

Опубликовано:

Балалар
Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында соңғы жылдары мектеп қабырғасында балаларға қатысты зорлық-зомбылық көбейіп кеткенін айтты. Бұл туралы БОРТ №1 Telegram арнасында хабарлады.

"Адам капиталын дамыту ісінде білім саласы негізгі рөл атқарады. Біз жуырда Білім және ғылым министрлігін екіге бөлдік. Бұл қадам қордаланған мәселелерді шешу үшін қажет болды. Үкімет және жаңа министрліктердің басшылары отандық білім және ғылым саласын тың серпінмен дамытуға күш салады деп сенемін.

Мен осы жылды Балалар жылы деп жарияладым. Бірақ, соңғы жылдары мектеп қабырғасында зорлық-зомбылықтың көбейіп кеткені алаңдатады. Оның үстіне, толық жабдықталған мектептердің 65 пайызында, яғни 3 мың мектепте бейнебақылау жүйесі талапқа сай емес, кейде мүлдем жұмыс істемейді.

Жалпы, еліміз бойынша балалар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол салуы, яғни суицид азайды. Дегенмен, Алматы, Жамбыл, Қостанай және Маңғыстау облыстарында мұндай оқиғалар көбейіп барады.

Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға, суицидтің алдын алуға, әрбір баланың құқықтарын қамтамасыз етуге арналған кешенді жоспар қажет", - деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1978408-qasym-zomart-kemeluly-balalardy-zorlyq-zombylyqtan-qorgauga-arnalgan-kesendi-zospar-qazet/

pixel