Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Тоқаев ревакцинация науқанын жандандыруды тапсырды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда соңғы күндері коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны көбейіп келеді. Осыған байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ревакцинация науқанын жандандыру керектігін айтты, деп хабарлайды Борт №1 Telegram арнасы.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді. Соңғы екі аптада науқастардың саны 30 пайызға артқан.

Біздің елде де ахуал күрделене түсті. Алматы «қызыл» аймаққа қайта кіруі мүмкін. Негізгі себеп – тұрғындар мен дәрігерлердің қауіпсіздік шараларын сақтамауы.

Мекемеаралық комиссияның жұмысын күшейту қажет. Сондай-ақ, ревакцинация науқанын жандандырған жөн. Бұл жұмыста ешқандай асыра сілтеу болмауы керек. Шағын және орта бизнестің мүддесін ескерген абзал", - деді президент.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 1104 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1978414-koronavirus-toqaev-revakcinaciya-nauqanyn-zandandyrudy-tapsyrdy/

pixel