Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сәбилердің өлімі көбейді": Тоқаев перзентханаларды тексеруге тапсырма берді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қазіргі перзентханалардың көбі халықаралық стандарттарға сай емес. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды БОРТ №1 Телеграм-арнасы.

"Үкіметтің басты міндетінің бірі – ана мен баланың денсаулығын сақтау.

Өкінішке қарай, сәбилердің өлімі көбейді. Ана өлімі де өсуде. Мен перинаталдық қызметтің жай-күйін тексеруге тапсырма бердім. Оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдануы керек еді. Бірақ, барлық жұмыс аудит деңгейінде тоқтап қалды.

Қазіргі перзентханалардың көбі халықаралық стандарттарға сай емес. Сондықтан шұғыл шаралар қабылдап, осы мәселені шешу қажет. Жалпы, денсаулық сақтау саласы туралы айтар болсақ, мұнда түйткілді мәселелер көп.

Қазақстанда созылмалы ауру салдарынан қайтыс болу көрсеткіші өте жоғары. Әсіресе, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдермен салыстырғанда біздегі ахуал өте нашар", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1978422-sabilerdin-olimi-kobeidi-toqaev-tagy-bir-ozekti-maseleni-koterdi/

pixel