Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Еліміздің жолдары нашар екені ешкімге жасырын емес

Опубликовано:

Жол жөндеу жұмыстары
Көрнекі фото: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында биыл 11 мыңнан астам шақырым жолға әртүрлі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді, деп хабарлайды БОРТ №1 Телеграм-арнасы.

"Біз бір апта бұрын еліміздің көлік-транзит әлеуетін дамыту мәселелері туралы арнайы жиын өткіздік. Бүгін автожол инфрақұрылымы саласындағы түйткілдерге ерекше тоқталғым келеді.

Биыл 11 мыңнан астам шақырым жолға әртүрлі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған 600 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Жөндеу жұмыстарын созбалаңға салуға болмайды. Жобаларды жүзеге асыру барысын қатаң бақылауға алу қажет.

Жолдың сапасына айрықша назар аудару керек. Еліміздің жолдары нашар екені және жол құрылысы саласын жемқорлық жайлағаны ешкімге жасырын емес", - деді ол.

Мемлекет басшысының сөзінше, Қазақстанда жол құрылысына қажетті материалдың бәрі бар. Бірақ отандық өндірістің әлеуеті толық қолданылмайды.

"Мұны, тіпті, қолдан жасалған тапшылық деуге болады. Мысалы, елімізде битум өндіретін үш зауыт бар. Соған қарамастан, 200 мың тонна битум жетіспейді.

Құрылыс қарқынды жүрген кезде оның бағасы үш есе, яғни бір тоннасы 90 мыңнан 250 мың теңгеге дейін қымбаттайды. Үкіметке жол құрылысына қажетті ресурстарды өндіру және тұтыну барысын мұқият саралауды тапсырамын. Соның негізінде құрылыс материалдарын шығаратын жаңа кәсіпорындар ашу қажет. Ал, жұмыс істеп тұрған нысандарды жаңғырту керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1978426-toqaev-elimizdin-zoldary-nasar/

pixel