Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Үкімет жергілікті кәсіпорындар үшін бәсекелі орта қалыптастыруы керек

Опубликовано:

офис
Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысты пікір білдірді. Президенттің сөзінше, бұл үрдіске отандық компаниялар белсене қатыспайды. Бұл туралы ол үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Тағы бір маңызды мәселе – мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу. 2019 жылдан бері автожол саласында құны 1,5 триллион теңге болатын мемлекеттік келісім-шарттар жасалды. Соның 40 пайызын шетелдіктердің қатысы бар компаниялар ұтып алған. Біз шетелдік серіктестерімізге қолдау көрсетеміз. Олар үшін нарық әрдайым ашық болады. Бірақ, отандық компанияларымыз белсене қатыспайды.

Үкімет жергілікті кәсіпорындар үшін бәсекелі орта қалыптастыруы керек. Кейбір ірі компаниялардың еңбек және материалдық ресурстары жеткіліксіз. Соған қарамастан, олар тендерді ұтып алып, жұмысты мердігерге ысыра салады. Осындай ахуал жылда қайталанады. Тіпті, жұмыстың 100 пайызы басқа мердігерге тапсырылғаны жөнінде мәліметтер бар", - деді мемлекет басшысы.

Оған қоса, Тоқаев жол бойында заманауи қызмет көрсету ісін ретке келтіру керектігін айтты.

"Тағы бір өзекті мәселе – жол бойында заманауи қызмет көрсету ісін ретке келтіру. Қазір елімізде осындай 1600 нысан бар. Оның 68 пайызы ғана ұлттық стандартқа сай келеді. Транзит тұрғысынан өте маңызды Түркістан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарындағы жағдай өте нашар", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1978430-prezident-ukimet-zergilikti-kasiporyndar-usin-basekeli-orta-qalyptastyruy-kerek/

pixel