Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақмыс" өкілдері "Орта Орал мыс балқыту зауытында" болып қайтты

Опубликовано:

Kazakhmys Holding
Фото: Kazakhmys Holding

Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші "Қазақмыс" холдингі өкілдері "Орта Орал мыс балқыту зауыты" АҚ-да (ОТКМК металлургиялық кешенінің кәсіпорны) болып қайтты. Қазақстандық компания басшылығын ОТКМК (ББЖ) Бизнес жүйесінің құралдарын енгізу тәжірибесі қызықтырды. Бұл туралы "Қазақмыс" компаниясының ресми сайтында хабарланды.

Орта Орал мыс балқыту зауытындағы (ООМЗ) түрлендіру бағдарламасы 2021 жылдың қаңтарында басталды. Операциялық жаңғыртулармен қатар, бұл бағдарлама ОТКМК бизнес жүйесін дамытуды, яғни кәсіпорынды жетілдіру үдерісіне жұмысшыларды тарту арқылы үздіксіз жақсартуға жағдай жасауды қамтиды. Бұған мәселелерді шешу тақтасы, идеялар алаңы, әкімшілік ұяшық және басқа да құралдар көмек болуда.

"Қазақстаннан келген әріптестер мыс балқыту зауытында түрлендіру жұмысына кірісіп жатыр, сондықтан ұқсас кәсіпорында ББЖ құралдарын енгізу тәжірибесімен танысу олардың қызығушылығын тудырып отыр. Орта Орал мыс балқыту зауытында соңғы бір жарым жыл ішінде үлкен жұмыс атқарылды. Нәтижесінде жақсы тәжірибеге қол жеткіздік. Біз бұл тәжірибені бөлісуге дайынбыз", - деп атап өтті тасымалдау жөніндегі директоры Джахангир Махмудов.

ООМЗ-дағы негізгі ББЖ құралдары ең алдымен бас цех – мыс балқытуда іске қосылды. Дәл осы жерде "Қазақмыстан" келген қонақтарға шикізатты жоспарлаушы мен сыныптаушының, мәселелерді шешу тақтасының, идеялар фабрикасының, кайдзен-командасының қалай жұмыс істейтіні көрсетілді. Бөлім мамандары бүгінде Ванюков пешінің режимдерін жедел басқарудың негізгі құралы болып табылатын балқытушылардың сценарий карталарын жасау тәжірибесін бөлісті. Осының барлығы қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартуға, қомақты салымдарсыз тазартылмаған мыс өндірісінің көлемін ұлғайтуға және экономикалық әсерге қол жеткізу жоспарын асыра орындауға мүмкіндік берді.

"Біз елеулі деңгейдің куәсі болдық. Зауыт басшылығы қауіпсіздікке, еңбек жағдайларына, экологияға үлкен көңіл бөліп отырғаны анық байқалады. Біз өзіміз үшін одан әрі дамудың жолын жоспарлап отырмыз. Бүгінгі кездесу өте пайдалы болды. Қазіргі уақытта бізде "Жұмыста, өз үйіңде жүргендей әсерде бол" бағдарламасы өз бастауын алды. Ендігі кезекте қызметкерлерді компанияның тиімділігін арттыру бойынша жұмысқа тарта бастаймыз", - деп атап өтті "Қазақмыс Холдинг" Директорлар кеңесінің мүшесі Максим Комель.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1978692-qazaqmys-okilderi-orta-oral-mys-balqytu-zauytynda-bolyp-qaitty/

pixel