Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент осы аптада Қырғызстанға барады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 20-21 шілде күндері Қырғызстанға барады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі Telegram арнасында хабарлады.

"20-21 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Ата қаласына (Қырғызстан) барады", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Еске сала кетсек, 15 шілде күні мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізген болатын.

Жиында Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы мемлекеттік органдар бірінші басшыларының Қарулы күштерді, әскер мен әскери құрылымдарды құру және дамыту тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы жөніндегі баяндамаларын тыңдаған.

Кеңес қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің әскери саласын ұйымдастыру ісін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды сапалы жүзеге асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1978947-prezident-osy-aptada-qyrgyzstanga-barady/

pixel