Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жоғарғы сот журналистер Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаевты ақтады

Опубликовано:

Сейітқазы
Сейітқазы Матаев. Фото: bnews.kz

Жоғарғы сот отандық белгілі журналистер әкелі-балалы Сейітқазы мен Әсет Матаевтарды ақтады. Іс жүргізу олардың әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, делінген жоғарғы соттың Facebook желісінде таратқан хабарламасында.

Биылғы жылдың 24 маусымында Жоғарғы Сотқа келіп түскен наразылықта Бас прокурор іс үшін елеулі маңызы бар мән-жайлар бойынша сот тергеуінің толық болмауына байланысты іс бойынша шығарылған сот актілерінің күшін жоюды және қылмыстық істі апелляцияға жаңадан қарауға жіберуді сұраған болатын.

Жоғарғы соттың 7 судьядан тұратын қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бүгін, 19 шілдеде аталған істі қарап, сот актілерінің күшін жойды.

Аталған іс бойынша іс жүргізу Сейітқазы мен Әсет Матаевтардың әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

"Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 39-бабына сәйкес, ақталғандар қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянның өтелуін талап етуге құқылы деп танылды. Наразылық ішінара қанағаттандырылды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, алаяқтық жасады және аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталған Қазақстан Журналистер одағының экс-президенті Сейітқазы Матаев пен оның ұлына қатысты үкім 2016 жылы шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1979134-zogargy-sot-zurnalister-seiitqazy-mataev-pen-aset-mataevty-aqtap-syqty/

pixel