Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ билігі Қазақстанға елден заңсыз шығарылған қаражатты қайтаруға қолдау көрсетуге дайын екенін айтты

Опубликовано:

АҚШ туы
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің Бас прокуратурасының делегациясы АҚШ-қа жұмыс сапарымен барды. Оның барысында бірқатар өзекті мәселелер талқынған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Бас прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап.

АҚШ-қа қазақстандық делегацияны Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев бастап барған.

Жұмыс сапары барысында қазақстандық тарап АҚШ Әділет департаментінің басшылығымен, ФТБ және Дүниежүзілік банк өкілдерімен бірқатар кездесу өткізген.

Тараптар нақты қылмыстық істер бойынша ынтымақтастықты нығайту, сұрау салуларды электрондық форматта беру, киберқылмыспен күрес саласында тәжірибе алмасу, сотталғандарды ұстап беру және беру туралы шарттар жасасу мәселелерін талқылаған.

Кездесу барысында Тимур Тәшімбаев америкалық әріптесіне биылғы жылдың 5 маусымында мемлекет басшысының жарлығымен экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылғаны туралы айтқан.

Оның негізгі мақсаттарының бірі - елден заңсыз шығарылған қаражатты қайтару болып табылады.

Өз кезегінде АҚШ Әділет департаментінің өкілдері қылмыстық активтерді іздеуге және АҚШ-тан Қазақстанға қайтаруға қолдау көрсетуге дайын екендерін мәлімдеген.

Тараптар бірлескен күш-жігермен ғана трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстық кірістерді жылыстатуға қарсы тиімді күрес жүргізуге болады деген өзара пікірге келген.

Бұдан бөлек Қазақстан делегациясы Дүниежүзілік Банктің StAR Initiative (Ұрланған активтерді қайтару бастамасы) жобасының өкілдерімен кездескен.

Кездесу барысында Дүниежүзілік банкпен Қазақстанның шетелге, оның ішінде офшорлық юрисдикцияға шығарылған қылмыстық жолмен табылған активтерді қайтару бойынша күш-жігерін қолдау және ынтымақтастықтың көрсетілген бағыты бойынша прокурорлар мен тергеушілер үшін тренингтер өткізу мәселелері талқыланған.

Банк өкілдері қазақстандық тараптың бұл бастамаларын қолдаған.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар одан әрі өзара іс-қимыл бойынша бірлескен қадамдар жайлы әңгімелескен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1979150-aqs-biligi-qazaqstanga-elden-zansyz-sygarylgan-qarazatty-qaitaruga-qoldau-korsetuge-daiyn-ekenin-aitty/

pixel