Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президенттен сөгіс алған Серікқали Брекешев отставкаға кете ме

Опубликовано:

Серікқали Брекешев
Фото: primeminister.kz

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынына ұшыраған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ОКҚ өткен брифингте отставкаға кетесіз бе деген сауалға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері министрден президенттің сынынан кейін отставкаға кетесіз бе деп сұрады.

"Бұған қатысты шешімді мен қабылдамаймын, отставка туралы шешімді мемлекет басшысы қабылдайды. Сондықтан бұл сұрақты мен жауапсыз қалдырамын", - деді Брекешев.

Сонымен қатар журналистер Серікқали Брекешевтен жалпы өз жұмысын бес балдық жүйемен қалай бағалайтынын да сұраған. Алайда министр бұл сауалға тікелей жауап берген жоқ.

"Біздің жұмысымызға бағаны жоғарғы басшылық береді", - деді Брекешев.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев 14 шілдеде өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке геология және биоаулантүрлілік саласындағы сапасыз орындалған жұмысы үшін сөгіс жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1979162-prezidentten-sogis-algan-serikqali-brekesev-otstavkaga-kete-me/

pixel