Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Құдайберген депутаттық мандатынан айырылды

Жарияланған күні:

Қайрат Құдайберген
Қайрат Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergen_kairat

Бүгін, 20 шілдеде Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXIII сессиясы өтті. Сессия барысында берілген өтініштерге сәйкес, 11 депутатты алмастыру (ротация) жүргізілді, оның ішінде Қайрат Құдайберген де бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сессия барысында Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы және Amanat пен "Қазақстан Халық партиясы" филиалдарының шешімдері негізінде және берілген өтініштерге сәйкес, 11 депутатты алмастыру (ротация) жүргізілді", - делінген Алматы қалалық әкімдігінің хабарламасында.

Әкімдік алмастыру мандаттарды қайта бөлу және берілген өтініштерге сәйкес М.А. Әділхановты, Л.Е. Ибрагимованы, Е.З. Талбидиновты, Қ.Қ. Сәрсенбайды, А.А. Жүдебаевты, М.М. Зулеевті, Р.Ч. Бөлекбаеваны, Ә. Құрманбекті партиялық резервке қосу есебінен жүргізілгенін атап өтті.

Сондай-ақ ведомство партиялар құрамынан кейбір тұлғалардың шығарылғанын мәлім етті. Олар: Қ.Қ. Құдайберген Amanat партиясынан, А.Б. Абылқасымова "Қазақстан Халық партиясынан" және А.Т. Шапенов "Қазақстан Халық партиясынан" (өз қалауы бойынша).

Ал келесі депутаттарға жаңа мандаттар берілген:

1) Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы – М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, Amanat партиясының мүшесі.

2) Тайтөлеев Төлеуғали Мұхамеджанұлы – Алматы энергетика және электрондық технологиялар колледжінің директоры, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Amanat партиясының мүшесі.

3) Жандай Сана Шайханқызы – ADANAZ ЖШС директоры, Amanat партиясының мүшесі.

4) Жұмабаев Бақытбек Әшімұлы – "Жан-М" ЖШС Бас директоры, Қазақстанның көгалдағы хоккей Федерациясының вице-президенті, Amanat партиясының мүшесі.

5) Қарағұлов Ерұлан Серікұлы – "Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі" КМҚК директоры, Amanat партиясының мүшесі.

6) Котенев Артур Эдуардович – AlmatyEngineering ЖШС директоры, Amanat партиясының мүшесі.

7) Шамова Арайлым Мәтжанқызы – №201 мектеп-гимназия КММ директоры, Amanat партиясының мүшесі.

8) Ерлан Диана Ерланқызы - Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің, Отбасы, әйелдер істері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Республикалық кеңестің мүшесі, Amanat партиясының мүшесі.

9) Рамазан Бекбол Батыржанұлы – Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жол академиясының проректоры, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Amanat партиясының мүшесі.

10) Сұлтанғалиев Тамерлан Мэлсұлы – "Қазақстан Халық партиясы" Алматы қалалық филиалының төрағасы, "Қазақстан Халық партиясы" партиясының мүшесі.

11) Мұхамедғалиев Талғат Аблайұлы – "Тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау одағы" РҚБ Алматы филиалының басшысы, "Қазақстан Халық партиясы" партиясының мүшесі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Amanat партиясының қалалық филиалының партиялық резервінде 50-ге жуық, "Қазақстан Халық партиясы" қалалық филиалының партиялық тізімінде 10-нан астам адам бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1979364-qairat-qudaibergen-almaty-qalalyq-maslixatynyn-quramynan-sygaryldy/