Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Шалқар
Шалқар Байбеков. Фото: t.me/abai_oblysynyn_akimdigi

Шалқар Байбеков Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды өңір әкімдігі ресми Telegram-каналында.

"Президент әкімшілігінің келісімі бойынша, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың 2022 жылғы 20 шілдедегі өкімімен Шалқар Заманбекұлы Байбеков өңір әкімнің орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Шалқар Байбеков 1967 жылы Семей облысы Абай ауданында дүниеге келген.

1996 жылы Қазақстан мемлекеттік басқару академиясын "Экономист" мамандығы бойынша, кейін Қазақстан мемлекеттік заң академиясын "Заңгер" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1988 жылы Семей облысы Жаңасемей аудандық мемлекеттік сақтандыру инспекциясының аға инспекторы болып бастаған.

Әр жылдары Семей қаласы және Семей облысы бойынша салық инспекциясының бас мемлекеттік инспекторы, бөлім бастығы, салық инспекциясының бірінші орынбасары, Павлодар қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы, Астана қаласы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, Астана қаласы Есіл ауданы, Алматы ауданы және Қарағанды облысы бойынша Салық комитетінің төрағасы болған.

Сондай-ақ Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Шығыс қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімі болып қызмет еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1979520-abai-oblysy-akiminin-orynbasary-tagaiyndaldy/

pixel