Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті туған күнімен құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев/Шавкат Мирзиеев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевті туған күнімен құттықтап, Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тілеген. 

Бұдан бөлек мемлекет басшысы Өзбекстан президентінің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті, достық және тату көршілік қатынастарды нығайтуға қосқан жеке үлесін атап өткен. 

Сонымен қатар әңгімелесу барысында екі елдің басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелері мен алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі кездесулердің кестесін қарастырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1979938-toqaev-ozbekstan-prezidenti-savkat-mirzieevti-tugan-kunimen-quttyqtady/

pixel