Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрбол Нұрсағатов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Нұрбол Нұрсағатов
Нұрбол Нұрсағатов. Фото: t.me/abai_oblysynyn_akimdigi

Президент әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың өкімімен Нұрбол Нұрсағатов Абай облысы әкімнің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы ведомство Telegram арнасында хабарлады.

Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жол институтын бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінде жұмыс істеді.

2008-2011 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болды.

Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Одан бөлек ШҚО әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасының, Алматы қаласында құрылыс басқармасының, Нұр-Сұлтан қаласы қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр және Алматы аудандарының әкімі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1980019-nurbol-nursagatov-abai-oblysy-akiminin-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel