Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің екі орынбасары қысқартылды

Опубликовано:

Тимур
Тимур Сұлтанғазиев. Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша және үкiмет қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкiмiнің екі орынбасары қысқартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңір әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша және үкiмет қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкiмi орынбасарларының екi штаттық бiрлiгi қысқартылды. Ғани Сақтағанұлы Нығыметов және Тимур Сламжанұлы Сұлтанғазиев қызметтерiнен босатылды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта облыс әкімдігінде өңір басшысының үш орынбасары қалды. Олар: Тасмағанбетов Марат Иманбайұлы, Аблалиев Сәтжан Айтенұлы және Жандарбек Дәурен Жандарбекұлы.

Тимур Сұлтанғазиев 1982 жылы туған.

Қазақ ұлттық медицина университетiн және АҚШ-тағы Тюлейн университетiн бiтiрген.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып 2021 жылдың желтоқсан айында тағайындалған еді.

Тимур Сламжанұлы облыстың әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау салаларына және еңбек инспекциясына жетекшілік етті.

Ғани Нығыметов
Ғани Нығыметов. Фото: gov.kz

Ғани Нығыметов 1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін халықаралық қатынастар, АҚШ-тағы Монтерей халықаралық зерттеулер институтын мемлекеттік басқару магистрі, сондай-ақ Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін іскерлік әкімшілік магистрі мамандықтары бойынша бітірген.

Гарвард университетінің Кеннеди атындағы Басқару мектебінде, Сингапурдың Ұлттық университетінде басшылар үшін біліктілікті арттыру курсынан өтті. "Болашақ" бағдарламасының түлегі.

2020 жылдың мамырынан Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

Ол Ішкі саясат, білім беру, спорт, мәдениет, дін салаларына жетекшілік етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1981167-soltustik-qazaqstan-oblysy-akiminin-eki-orynbasary-qysqartyldy/

pixel