Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының орынбасарлары тағайындалды

Опубликовано:

Полиция қызметкерлері
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жаңадан құрылған Жетісу облысында полиция департаменті бастығының үш орынбасары тағайындалды. Кандидаттарды тағайындау Қазақстан Ішкі істер министрінің бұйрығымен жүргізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жеке құрамға өзінің орынбасарларын Жетісу облыстық полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Атығай Арыстанов таныстырды.

"Жетісу облысы ПД бастығының бірінші орынбасары лауазымына бұрын ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің профилактикалық қызмет басқармасын басқарған полиция полковнигі Байкенов Жасұлан Құдайбергенұлы тағайындалды.

ПД бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары бұрын Алматы облысы ПД кадр саясаты басқармасын басқарған полиция подполковнигі Жұмабек Талант Тілеубекұлы болды.

Бастықтың тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымына бұрын Алматы облысында осындай лауазымда болған полиция полковнигі Ережепов Мақсат Мұратбекұлы тағайындалды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1981591-zetisu-oblysy-policiya-departamenti-bastygynyn-orynbasarlary-tagaiyndaldy/

pixel