Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус Алматыға келді

Жарияланған күні:

Алматы әкімдігі
Тедрос Гебрейесус Алматыға келді. Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус Алматыға келді. Мәртебелі қонақ Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният және Алматы әкімі Ерболат Досаевпен кездесті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты хабарлады.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында медициналық-санитарлық алғашқы қызметті нығайту бөлігіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланған.

Кездесу барысында Ажар Ғиният ДДСҰ-ның Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық әріптесі ретіндегі рөлін жоғары бағалаған.

"Біздің ынтымақтастығымыз 30 жылдан бері жалғасып келеді және соңғы жылдары одан да белсенді бола бастады. Қазақстан мен ДДСҰ-ның медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ілгерілету жөніндегі бірлескен іс-қимыл нәтижесінде соңғы 5 жылда бірқатар маңызды құжаттар әзірленіп, қабылданды: 2018 жылғы МСАК жөніндегі Астана декларациясы, 2020 жылғы МСАК-ты нығайту құралдарымен бірге МСАК-тың Операциялық механизмі және МСАК тиімділігін бағалаудың негізі. Сондай-ақ МСАК жүйесін дамытуды қолдайтын елдер үшін халықаралық деңгейде бірқатар іс-шаралар өткізілді", - деді министр.

Сондай-ақ ол Қазақстан тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша мақсатты және дәйекті саясат жүргізуді жалғастырып келе жатқанын атап өтіп, 2021 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан "Әрбір азаматы үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау "Дені сау ұлт " ұлттық жобасының жетістіктері туралы хабардар еткен.

"Ұлттық жобаның негізгі бағыттары жаһандық және өңірлік деңгейдегі ДДСҰ-ның негізгі стратегиялық құжаттарының басымдықтарымен келісетінін атап өту қажет", - деді А.Ғиният.

Өз кезегінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алматы қаласы мен бүкіл елдің тұрақты өсуі дамыған Денсаулық сақтау жүйесі болмаса, әсіресе медициналық-санитарлық алғашқы көмек болмаса мүмкін емес екенін атап өткен.

"Қыркүйек айының басында Алматы бойынша 2025 жылға дейінгі орта мерзімді мақсаттар жазылатын жоспарды әзірлеу туралы ақпарат жарияланатын болады, қала озық практикаларды іске асыру үшін үздік платформаға айналады", - деді әкім.

Осы ретте ДДСҰ бас директоры аталған ұйым Қазақстанмен бірге жұмыс істеуді қалайтынын жеткізген.

"ДДСҰ әлемге көптеген мүмкіндіктер беретін медициналық-санитарлық алғашқы қызмет орталығына шоғырланған, 2023 жылы Нью-Йоркте медициналық сақтандырумен жалпы қамту бойынша жоғары деңгейдегі кездесулер өтеді. Біз МСАК аспектілері бойынша жетекші рөл атқару үшін Қазақстанның бізбен бірге жұмыс істегенін қалаймыз", - деді ДДСҰ-ның басшысы Тедрос Гебрейесус.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1981609-ddsu-bassysy-tedros-gebreiesus-almatyga-keldi/