Каспий құбыр консорциумы Қазақстаннан мұнай айдау көлемін қысқартты

Опубликовано:

Каспий мұнай құбыры
Көрнекі фото: cpc.ru

Теңіз кен орнындағы жөндеу жұмыстарына байланысты Каспий құбыр консорциумы Теңіз-Новороссийск құбыр жүйесі арқылы мұнай қабылдап алу көлемін қысқартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі консорциумның ресми сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар Қашаған кен орнында мұнай өндіру тоқтағанына байланысты КҚК құбыр жүйесіне мұнай қабылдау көлемі қысқарды.

"Бұл факторлар Теңіз-Новороссийск мұнай құбыры жүйесі арқылы айдалатын мұнайдың жалпы көлемінің айтарлықтай төмендеуіне әкелді. Айдау режимінің көлемін қалпына келтіру туралы кейінірек хабарланады", - делінген консорциум хабарламасында.

КҚК компанияның акционерлері мен жүк жөнелтушілері бұл жағдайдан хабардар екенін және осы жағдай бойынша үнемі өзара ынтымақтастықта екенін атап өткен.

Айта кетейік, өткен аптада қатты жел салдарынан КҚК-ның екі мұнай айдау стансасы жұмысын тоқтатқан болатын. Бірнеше күннен кейін олардың жұмысы қалпына келтірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1981651-kaspii-qubyr-konsorciumy-qazaqstannan-munai-aidau-kolemin-qysqartty/

jitsu gif