Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Руслан Аңбаев Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды

Опубликовано:

Руслан Аңбаев
Руслан Аңбаев және Құмар Ақсақалов. Фото: t.me/pressSKO

Руслан Аңбаев Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Аңбаев бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі қызметін атқарған.

Руслан Әкімжанұлы 1978 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Целинное ауылында дүниеге келген.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ды тәмамдаған. Экономист-менеджер, сонымен қатар агроном, заңгер мамандықтарына ие.

Еңбек жолын 1999 жылы Тимирязев ауданы бойынша Салық комитеті тексеру басқармасының аға салық инспекторы болып бастады.

2002-2015 жылдар аралығында Есіл, Тайынша, Тимирязев аудандарының салық органдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2015 жылдан 2019 жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Еңбек жолын 2019-2020 жылдары Мамлют ауданында әкім болып жалғастырды.

2020 жылдың қазан айынан бастап Тайынша ауданының әкімі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1981926-ruslan-anbaev-petropavl-qalasynyn-akimi-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel