Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"СҚ-Фармация" басшысы Ерхат Есқалиев айына қанша жалақы алатынын айтты

Опубликовано:

Ерхат Есқалиев
Ерхат Есқалиев. Фото: Facebook/Ерхат Есқалиев

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "СҚ-Фармация" ЖШС басшысы Ерхат Есқалиев айына қанша жалақы алатыны туралы журналистердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Брифинг барысында БАҚ өкілі "СҚ-Фармацияға республикалық бюджеттен, атап айтқанда МӘМС қорынан қаражат бөлініп отырғананын еске салып, қазіргі нарықтағы қымбатшылыққа байланысты Ерхат Есқалиевтің "СҚ-Фармация" басшысы ретінде жалақысы қаншалықты өскенін сұрады.

Бұл сұраққа компания басшысы біраз кідіріп барып, жауап берді.

"Менің жалақым 1 миллион 404 мың теңге. Қолға аламын", - деді Ерхат Есқалиев.

Еске сала кетсек, Есқалиев 2021 жылдың шілде айында жалақысы 1 миллион 300 мың теңгені құрайтынын, бірақ салық пен әлеуметтік аударымдарды шегергеннен кейін айлығы 1 миллион теңгеге жетпейтінін хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1981933-sq-farmaciya-bassysy-erxat-esqaliev-aiyna-qansa-zalaqy-alatynyn-aitty/

pixel