Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы қаласы мен 8 өңірдің полиция департаменті бастығының жаңа орынбасарлары тағайындалды

Опубликовано:

тағайындаулар
Фото: polisia.kz

Абай, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Түркістан, Ұлытау облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының полиция департаменттерінде және Орал қаласының полиция басқармасында бастықтардың жаңа орынбасарлары мен бөлімше бастығы тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Министрдің бұйрығымен:

  • Абай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болып Берік Амангелді (Атырау облысы ПД-да қызмет атқарған);
  • Абай облысы ПД бастығының орынбасары болып Нариман Күлдіков (Шығыс Қазақстан облысы ПД-дан келген);
  • Абай облысы ПД бастығының орынбасары болып Елдос Закимов (Шығыс Қазақстан облысы ПД-дан келген);
  • Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары болып Дидар Аханов (бұған дейін осы бөліністің аудандық Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарған)
  • Атырау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болып Әбдіғани Сейдуалиев (Түркістан облысы ПД-дан келген);
  • Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары болып Нұрғали Қасенов (ІІМ-нің орталық аппаратынан);
  • Жетісу облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болып Жасұлан Байкенов (ІІМ-нің орталық аппаратынан);
  • Батыс Қазақстан облысы ПД Орал қаласы полиция басқармасының бастығы болып Сағындық Аяғанов (Алматы қаласы ПД-да қызмет арқарған);
  • Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болып Алексей Милюк (ІІМ-нің орталық аппаратынан);
  • Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болып Бағланбек Айтпаев (ІІМ-нің орталық аппаратынан);
  • Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары болып Меруерт Әбдіқадырқызы;
  • Ұлытау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болып Мұрат Алтаев (Шымкент қаласы ПД-да қызмет еткен) тағайындалды.
тағайындау
Фото: polisia.kz

Тағайындау алдында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов әрбір кандидатпен жеке әңгімелесу өткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1982205-almaty-qalasy-men-8-onirdin-policiya-departamenti-bastygynyn-zana-orynbasarlary-tagaiyndaldy/

pixel