Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлан Қиясов жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Ерлан Қиясов
Ерлан Қиясов. Фото: primeminister.kz

Ерлан Қиясов Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ұлттық сараптама орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Ұлттық сараптама орталығы ресми сайтында хабарлады.

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. ҚазММУ, Орталық Азия университетін, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, "Тұран-Астана" университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласындағы "Жедел жәрдем ауруханасының" жансақтау бөлімінде санитар болып бастаған.

1997-1999 жылдары Алматы қаласындағы Әуе көлігі орталық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының санитар дәрігері, эпидемиологы болып еңбек еткен.

1999 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының құрылымында – санитариялық-эпидемиологиялық станциясының жалпы гигиена бойынша дәрігері, жедел бөлім меңгерушісі, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі,  "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК директоры, Қазақстан президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы меңгерушісінің орынбасары болған.

2020-2022 жылдары Денсаулық сақтау вице-министрі – еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1983273-erlan-qiyasov-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel