Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғат Ешенқұлов Ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Талғат Ешенқұлов
Талғат Ешенқұлов. Фото: ОКҚ

Үкімет қаулысымен Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Талғат Ешенқұлов 1978 жылы Жамбыл облысында туған. 

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мемлекеттік басқарудың Ұлттық мектебінде магистратурада, президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында докторантурада оқыған.

Еңбек жолын 1997 жылы аға бухгалтер қызметінен бастаған.

2000-2007 жылдары Жамбыл облыстық сотында, Жамбыл облысының Әділет басқармасында және Әділет департаментінде жұмыс істеген.

2007-2011 жылдары Білім және ғылым министрлігі Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментін басқарған.

2011-2016 жылдары Жоғарғы Соттың, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдарында еңбек еткен.

2016-2018 жылдары – БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары, 2018 жылғы наурыздан қыркүйекке дейін Білім және ғылым вице-министрі, 2018-2020 жылдары – БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы, білім және ғылым вице-министрі, 2020 жылдан 2021 жылға дейін БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

2021 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін "М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті" КЕАҚ басқарма төрағасы – ректоры болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1983374-talgat-esenqulov-gylym-zane-zogary-bilim-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel