Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұздың жаңа әкімі тағайындалды

Опубликовано:

Аян Бейсекин
Аян Бейсекин. Фото: Павлодар облысы әкімдігі

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Екібастұз активі алдында қаланың жаңа әкімін таныстырды. Бұл лауазымға бұған дейін Ертіс ауданының әкімі болған Аян Бейсекин тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Павлодар облысының тумасы Аян Бейсекин өзі туған Ертіс ауданын 2019 жылдан бері басқарған.

Бұған дейін Павлодар қаласы және Железин ауданы әкімінің орынбасары болды. 2015 жылдан 2017 жылға дейін Бейсекин Алматы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Мегаполиске дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, мемлекеттік қызмет жөніндегі Агенттік жүйесі мен жеке меншік секторда жұмыс істеген.

Айта кетейік, Аян Бейсекин – президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, "Болашақ" бағдарламасының түлегі.

2008 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мемлекеттік жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдап, 2013 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ мемлекеттік әкімгерлік магистрі атағына ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1983420-ekibastuzdyn-zana-akimi-tagaiyndaldy/

pixel