Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Армения премьер-министрі мен халқына көңіл айтты

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Армения премьер-министрі мен халқына Еревандағы сауда орталығында болған қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.

"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянға және барша армян халқына Еревандағы "Сурмалу" сауда орталығында болған жарылыстан көптеген адамның қаза болуына байланысты жеделхат жолдады", - делінген президент баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жеделхатта мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтқан.

Еске сала кетейік, 14 тамызда Еревандағы "Сурмалу" сауда орталығында жарылыс болды. Оқиға пиротехникалық заттар дүкенінде орын алған.

Ресми мәлімет бойынша, сауда орталығындағы жарылыс салдарынан 16 адам қаза тауып, 62 адам зардап шеккен. 17 және 18 тамызда Арменияда қаралы күн жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1983575-toqaev-armeniya-premer-ministrine-konil-aitu-zedelxatyn-zoldady/

pixel