Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақмыс компанияның инвестициялық қызметі туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді

Опубликовано:

Иллюстрациялық фото
Иллюстрациялық фото: pixabay

"Қазақмыс" корпорациясы компания халықты инвестициялық қызметке тартумен айналысады деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы компанияның ресми сайтында жазылған.

NUR.KZ компания хабарламасының толық нұсқасын назарға ұсынады.

"Әлеуметтік желілерде "Қазақмыс" компаниясы тобының инвестициялық қызметке жеке тұлғаларды тартуы туралы материалдарды тарату жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты, бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. "Қазақмыс" компаниялар тобы өндірістік қызмет атқарады және халықтың қаражатын тарту бойынша ешқандай инвестициялық жобаларға қатыспайды. Жалған ақпарат таратушы жосықсыз тұлғалардың арандатушылығына бой алдырмауларыңызды сұраймыз. "Қазақмыс" компаниялар тобының ресми көздерінде жарияланған ақпараттарға ғана сеніңіз", - делінген компания сайтында.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қазақстандағы ең ірі тау-кен металлургиялық компаниясы өз жобаларына одан әрі инвестиция құю үшін халық қаражатын тартумен айналысады деген жарнама тараған болатын.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі де өзінің ресми сайтында бұл мәселеге қатысты мәлімдеме жасады. Жарияланған ақпаратқа сәйкес, алаяқтар бүгінде ірі қазақстандық корпорациялардың атаулары мен тіпті логотиптерін де пайдаланып, әлеуметтік желілер мен сайттарда фишинг әдісін белсенді түрде қолданып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1984007-qazaqmys-kompaniyanyn-investiciyalyq-qyzmeti-turaly-aqparattyn-zalgan-ekenin-malimdedi/

pixel