Экс-министр Омаров "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" басшысы қызметінен кетті
Жарияланған күні:
Асылхан Джувашев "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұрынғы басшы Сапархан Омаров өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайты.
Министрлік мәліметінше, Асылхан Джувашев 41 жаста.
Әр жылдары "ҚазАгро" холдингі, "ҚазАгроҚаржы"АҚ-да жұмыс істеген. Тағайындалғанға дейін ол "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Ведомствоның хабарлауынша, сондай-ақ Азық-түлік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына бұрын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-да жұмыс істеген 42 жастағы Дархан Дәуітов тағайындалған.
Одан бөлек, бүған дейін "Отбасы банк" АҚ бірінші тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы директорының орынбасары қызметін атқарған Азат Әшімов ұлттық компанияның атқарушы директоры болды.
"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы "ҰК" АҚ-ның бұрынғы басшылығы Сапархан Омаров, Қанат Қараулов және Әсет Бектеміров өз еркімен қызметінен кетті", - делінген министрліктің ресми сайтында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1984055-eks-ministr-omarov-azyq-tulik-kelisim-sart-korporaciyasy-bassysy-qyzmetinen-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.