Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды

Опубликовано:

Шыңғыс Әнуарбеков
Шыңғыс Әнуарбеков. Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Шыңғыс Әнуарбеков Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шыңғыс Әнуарбеков 1979 жылы дүниеге келген.

Білімі бойынша - қаржыгер, заңгер. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмәмдаған.

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 24 жыл.

Еңбек жолын 1998 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитетінің жергілікті салықтар бөлімінің маманы, жеке тұлғаларды тексеру бөлімінің салық инспекторы болып бастаған.

1998 жылғы маусымнан бастап 2014 жылғы наурызға дейін салық органдарында салық инспекторынан бастап аудандық салық басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2014 жылғы наурыздан Алматы қаласы бойынша Салық департаменті, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

2015 жылғы шілдеден 2019 жылғы мамырға дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Камералдық бақылау басқармасының басшысы.

2019 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1984490-nur-sultan-qalasy-boiynsa-memlekettik-kirister-departamentinin-bassysy-tagaiyndaldy/

pixel