Тоқаев ресми сапармен Әзербайжанға келді (видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Әзербайжанға келді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға келген сәті : "Борт N1" Telegram-каналы ұсынған видеодан кадр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Әзербайжанға келді, деп хабарлайды Telegram-дағы "Борт №1" арнасы.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Баку әуежайында мемлекет басшысын Әзербайжан премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов күтіп алған.

Сапар аясында Қазақстан мен Әзербайжан президенттерінің шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері жоспарланған.

Одан бөлек екі елдің басшылары екіжақты ынтымақтастықтың көпқырлы мәселелерін қарастырып, келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар келісімге қол қояды деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1984580-toqaev-resmi-saparmen-azerbaizanga-keldi-video/