Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысының әкімі отставкаға өтініш берді

Жарияланған күні:

Өмірзақ Шөкеев
Өмірзақ Шөкеев. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға өтініш берді. Өтініш 24 тамызда жазылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Мақажановқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енген соң қызметінен кетуге өтініш берген.

Еске сала кетейік, биыл шілде айында экс-шенеунік Алматыда сотталған болатын. Ол аса ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Онымен бірге тағы екі адам пара алуға делдалдық жасады деп айыпталған.

Сотта анықталғандай, айыпталушы өзінің лауазымын пайдаланып, ЖШС директорын қамқорлық жасағаны үшін 50 млн теңге көлемінде ақша беруге мәжбүр еткен.

Сонымен қатар заңсыз сыйақы алу үшін таныстарын тартқан, олар ақшаны алып жатқан жерінен ұсталған.

Дәурен Мақажанов үкімге қарсы апелляциялық шағым түсіргенімен, ол өзгеріссіз қалды.

Ал биыл маусым айында Түркістан облысының әкімі Кентаудың экс-әкімінің кінәсі сотта дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985028-turkistan-oblysynyn-akimi-otstavkaga-ketti/