Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық экономика министрі ел экономикасын дамытудың үш сценариін ұсынды

Опубликовано:

планшет ұстап тұр
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкімет отырысында Қазақстан экономикасын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған үш сценариін ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министрдің айтуынша, сыртқы және ішкі факторлардың өзгеруін есепке ала отырып, базалық, оптимистік және пессимистік сценарийлер әзірленген.

"Базалық сценарий бойынша мұнайдың орташа бағасын барреліне 85 доллар деңгейінде және АҚШ долларының болжамды айырбас бағамын 470 теңге деңгейінде пайдалану ұсынылады. Осы сценарий бойынша жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық нақты өсімі 3,9 пайыз, оның ішінде 2023 жылы 4 пайызды құрауға тиіс.

Оптимистік сценарийде мұнайдың болжалды бағасы барреліне 110 доллар, АҚШ долларының бағамы 440 теңге деңгейінде белгіленді. Экономиканың орташа жылдық өсімі 4,2 пайыз деңгейінде болжануда.

Ал пессимистік сценарий бойынша мұнай бағасы барреліне 60 доллар деңгейінде және АҚШ долларының айырбас бағамы 500 теңгеге дейін әлсіреуін қарастырады. Жалпы ішкі өнімнің болжамды нақты өсімі орта есеппен 3,5 пайызды құрайды", - деді Қуантыров.

Министрдің сөзінше, барлық сценарий бойынша инфляция 2023 жылы 7,5-9,5 пайыз деңгейінде, 2024 жылы 4-5 пайыз деңгейінде, кейін 2025-2027 жылдары 3-4 пайызға дейін төмендейтін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985117-ulttyq-ekonomika-ministri-el-ekonomikasyn-damytudyn-us-scenariin-usyndy/

pixel