Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқу-ағарту вице-министрлері тағайындалды

Жарияланған күні:

Шенеунік
Көрнекі фото: pexels.com

Үкімет қаулысымен Айбат Ілиясов және Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту вице-министрлері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Айбат Ілиясов 1982 жылы дүниеге келген. "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Айбат Ілиясов
Айбат Ілиясов: primeminister.kz

2006 жылдан 2007 жылға дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ аға инженер-электронигі, бас маманы, 2008 жылдан 2009 жылға дейін "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" РМК-ның бас маманы болған.

2009 жылдан 2012 жылға дейін Жоғарғы сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің бас кеңесшісі, сектор меңгерушісі, Әділет министрлігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының бас сарапшысы, басқарма басшысының міндетін атқарушы болып жұмыс істеген. 

2013 жылғы наурыз айынан 2022 жылғы ақпанға дейін Әділет министрлігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының басшысы, Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2022 жылғы ақпаннан бастап Білім және ғылым вице-министрі болған.

Ал Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Ғани Бейсембаев
Ғани Бейсембаев. Фото: primeminister.kz

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 

1989-1990 жылдары — қазақ тілі мұғалімі.

1990-1995 жылдары — орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

1995-1997 жылдары — орта мектеп директоры.

1997-2000 жылдары — БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, референті. 

2000-2001 жылдары — Қапшағай қаласы Білім бөлімінің басшысы.

2001-2006 жылдары — Халықаралық қосымша білім беру орталығының директоры.

2006-2007 жылдары — Алматы технологиялық университеті Техникалық-экономикалық колледж директоры.

2007-2020 жылдары — Халықаралық білім беру орталығының бас директоры.

2020 жылы БҒМ "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры.

2020-2022 жылдары — БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті қызметтерін атқарған.

2022 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін — Білім және ғылым вице-министрі болған.

Айта кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып Шолпан Каринова тағайындалғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985228-aibat-iliyasov-oqu-agartu-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/