Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Еліміз ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-аккаунтында халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған хабарлама жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл күннің бүкіл адамзат үшін мән-маңызы айрықша. Қасиетті қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті. Мұндай қасірет ешқашан қайталанбауы керек. Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады", – деп жазды мемлекет басшысы.

Сондай-ақ бүгін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымы бірлескен мәлімдеме жасады.

Ал бірнеше күн бұрын Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігінің басшысы және премьер-министр лауазымына үміткер еліне қауіп төнген жағдайда ядролық қаруды қолдануға дайын екенін мәлімдеді.

Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев те Ресейдің ядролық қаруды қолдануының негіздерін, оның ішінде "мемлекеттің өмір сүруіне қауіп төндіретін әрекеттерді" еске салды. Ол "әзірге мұндай әрекеттер байқалмағанын" атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985314-toqaev-bizdin-elimiz-arqasan-yadrolyq-qauipsizdik-qagidattaryn-berik-ustanady/

pixel